Головкин екеуіміз болашақта жекпе-жекке шығамыз - Сауль Альварес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық боксшы Сауль Альварес WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытып отыр, деп жазады Vesti.kz.

Бұл туралы Альварес 9 мамыр күні Хьюстонда өтетін американдық Джеймс Кирклендке қарсы жекпе-жегінің алдында мәлімдеді.

Бұл жекпе-жек болашақта болуы мүмкін деп ойлаймын. Әзірге орта салмақта шығып отырған жоқпын. Бірақ оған тағы бірнеше кездесу өткізіп, әлі де өз карьерасын жақсарта түсуі керек, болашақта бұл жекпе-жекті өткізе алатынымызға күмән келтірмеймін, - деген спортшы сөздері келтірілген GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісі ресми тобының парақшасында.