Леффлер осы аптада Джейкобстың менеджері Эл Хэймономен жекпе-жек мәселесін талқылауды жалғастыруды жоспарлауда. К2 Promotions атқарушы директоры келіссөз жайлы айтудан бас тартқанына қарамастан, жекпе-жек 18 наурызда «Мэдисон Сквер Гарденде» өтетіні және НВО арнасында көрсетілетіні белгілі болды.
Бұдан басқа, Том Геннадий мексикалық Хильберто Рамиреспен кездесу үшін екінші орта салмаққа көтерілуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ олар Джеймс Дигейл мен Барду Джек арасындағы айқастың жеңімпазымен жұдырықтасуды қарастырмақ.