Геннадий америкалық Андре Уордты үшінші орынға сырғытып, өзі бір саты жоғары көтерілді. Көш бастап тұрған мексикалық Сауль Альварес өз орнында қалды.
Бұл рейтинг 18 наурызда өткен Головкин-Джейкобс жекпе-жегінен бұрын жаңартылғанын атап өткен жөн және тізім болашақта өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Forbes нұсқасы бойынша үздік бокс «манимейкерлерінің» ТОП-ондығы:
1 (1). Сауль Альварес
2 (3). Геннадий Головкин
3 (2). Андре Уорд
4 (6). Владимир Кличко
5 (5). Мэнни Пакьяо
6 (7). Кит Турман
7 (4). Сергей Ковалев
8 (8). Деонтей Уайлдер
9 (10). Василий Ломаченко
10 (-). Эдриэн Бронер.