«Ол ең ұлы. Бокста да, өмірде де. Ол - адамзаттың шабыты», - деп жазды GGG.
Еске сала кетейік, АҚШ-та тыныс алу проблемаларына байланысты ауруханаға жатқызылған есімі аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли жұма күні қайтыс болды, деп хабарлайды NBC News.
74 жастағы Әли соңғы бірнеше күн жатқан Финикс ауруханаларының бірінде көз жұмды.
Мұхаммед Әли - 1960 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы (1964-1966, 1974-1978), WBC (1974-1978), WBA (1967, 1974-1978, 1978) нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы. «Ринг» журналы оны бес рет «Жыл боксшысы» деп таныған (1963, 1972, 1974, 1975, 1978). Бұдан басқа, ол 70-ші жылдары «Онжылдық боксшысы» атағына ие болды. 1999 жылы Sports Illustrated пен BBC Әлиді «Ғасыр спортшысы» деп атаған.