Головкин ESPN нұсқасы бойынша орта салмақтағы ТОП-10-да көш бастап тұр

АСТАНА.ҚазАқпарат - ESPN арнасының сайты барлық салмақ дәрежесінде апта сайын шығатын үздік боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Геннадий Головкин орта салмақтағы ең үздік ондықтың алдында тұр. Одан кейін Сауль Альварес пен Дэниэл Джейкобс орналасқан.

Кейінгі позициялар келесідей:

4. Давид Лемье

5. Билли Джо Сондерс

6. Энди Ли

7. Кіші - Крис Юбэнк

8. Автандил Хурцидзе

9. Сергей Деревянченко

10. Рёта Мурата.