Орта салмақта Сауль «Канело» Альварес көшбасшылық позицияны сақтап қалды. Екінші орында бұрынғыша қазақстандық Геннадий Головкин қалып отыр. Үшінші саты америкалық Джермалл Чарлоға тиесілі.
Еске салайық, биылғы 9 маусымда GGG канадалық Стив Роллсты нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
ESPN нұсқасы бойынша орта салмақтағы ТОП-10:
1. Сауль Альварес
2. Геннадий Головкин
3. Джермалл Чарло
4. Дэниэл Джейкобс
5. Деметриус Андраде
6. Сергей Деревянченко
7. Роб Брант
8. Мацей Сулецки
9. Матвей Коробов
10. Риота Мурата