Головкин Express News журналисі P4P-рейтингін басқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - San Antonio Express News журналисі Джон Уислер pound-for-pound боксшылар (салмақ санатынан тыс) рейтингінің өз нұсқасын жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

 Тізімді жеңіліп көрмеген қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) басқарды.

«Головкин әлі де PPV-де жұдырықтасуға лайықты екенін дәлелдеуге мәжбүр - оның  Дэниэл  Джейкобспен жекпе-жегі  небәрі 173 мың сатылым жинады, бірақ Головкин қазір қанжығасында нокауттары көп   мықты боксшы», -  деп санайды  Уислер.

P4P-рейтингі төмендегідей:

1. Геннадий Головкин (37-0, 33 КО)

2. Сауль Альварес (48-1-1, 34 KO)

3. Андре Уорд (31-0, 15 KO)

4. Сергей Ковалев (30-1-1, 26 KO)

5. Теренс Кроуфорд (30-0, 21 KO)

6. Василий Ломаченко (7-1, 5 KO)

7. Роман Гонсалес (46-1, 38 KO)

8. Кит Турман (28-0, 22 KO)

9. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 KO)

10. Гильермо Ригондо (17-0, 11 KO).