«Головкин командасынан, менің достарым және Life in Motion Group-тағы серіктестерімнен өзіңнің VIP-билетіңді ал», - деп жазды Геннадий Твиттердегі парақшасында. Life in Motion Group компаниясының Головкин командасымен жұмыс істеп келе жатқанынан бес жыл болды. Ол GGG айқастарына VIP-рұқсаттама ұйымдастырумен айналысады. Бір адамға арналған ең арзан VIP-билетінің (GGG Blue Package) бағасы 1 250 доллар (416 260 теңге), ал, ең қымбаты (GGG Platinum Package) - 7 490 доллар (2 494 170 теңге).Соңғы билетке ең жақсы орындар, GGG командасы тоқтайтын қонақүйден орын, әуежайға және әуежайдан трансферлер, GGG-ден фирмалық сыйлық жиынтығы және қолтаңба қойылған эксклюзивті қолғаптар кіреді.
Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.