Головкин Forbes нұсқасы бойынша ең табысты боксшылар тізімінде үшінші орынға сырғыды

None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes.com журналисі  Джош Кацовиц  әлемнің ең табысты боксшыларының   жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) бұл тізімде  үшінші орынды қанағат тұтты. Ал өткен айда екінші болатын.

«Егер Головкин  Альвареспен айқаста жеңген жағдайда кепілдік берілген 3 миллион долларды алып бұл тізімде бірінші нөмірлі болар еді. Бірақ тең түсті, сондықтан «Канело» бірінші орынды сақтап қалды», - деп жазады сайт.

Ең табысты P4P-боксшылар:

1. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)

2. Энтони Джошуа (20-0, 20 КО)

3. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО)

4. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО)

5. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО)

 6. Эррол Спенс (22-0, 19 КО)

7. Деонтей Уайлдер (39-0, 38 КО)

 8. Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО)

9. Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО)

10. Кит Турман (28-0, 22 КО)

11. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО)

12. Майки Гарсия (37-0, 30 КО)

13. Джермалл Чарло (26-0, 20 КО)

14. Джермелл Чарло (30-0, 15 КО)

 15. Мигель Котто (41-5, 33 КО).