Жуырда Фроч Геннадий Головкинмен Билли Джо Сондерстің болуы мүмкін жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасағанда Геннадийді сынады:
«Головкинді барлығы көтерген шыңға мен қоя алмаймын, - деді Фроч. -Билли Джо жеңе алмайтындай ол кімді сұлатты? Оның беделі жайлы тым асырып та жіберді. Ол мықты боксшы, қатты ұрады, алайда жоғары дәрежедегі біреуді ұрып көрсін. Сондай мықтыны жерге жықсаң, сен туралы жаңа Шугар Рэй Леонард деп айтып жүремін. Головкинге қарағанымда оның соққыларды жіберіп алғанын байқаймын».
Бұл жарияланымға арналған жауабын қазақстандық өз твиттерінде «Мұны анықтаудың бір ғана амалы бар» деп жазды.