«Дэниэл Гил - Головкиннің кәсіпқой бокс мансабындағы өте мықты қарсыластарының бірі. Австралиялық бұрынғы әлем чемпионы, десе де Гена үшін аса бір қиын жұдырықтасу болмайды деп есептеймін. Головкин уақытынан бұрын Гилді ұтады», - деді Сәпиев. «Әрине Головкинге жанкүйер боламын. Бірақ Уорд та әлсіз боксшы емес. Гена да, Уорд та өз күштеріне нық сенім. Алайда Геннадий ұтатынына шүбә келтірмеймін», - деп түйіндеді сөзін С. Сәпиев. Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Нью-Йорк қаласында өтеді.
06:29, 08 Шілде 2014
Головкин-Гил жекпе-жегі туралы Серік Сәпиевтің пікірі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қазақстандық Геннадий Головкин алдағы кездесуде қарсыласы Дэниэл Гилді уақытынан бұрын жеңеді деп ойлайтынын жеткізді «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында.