Головкин: «Гилмен болатын жекпе-жекте драмалық шоу жасаймын»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA (Super) және IBO чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Дэниэль Гилмен болатын жекпе-жекте керемет шоу жасағысы келетіндігін айтуда, деп хабарлайды Allboxing.ru.

"Мен Дэниэль Гил туралы көп ойлаймын", - деп келтіреді Boxing Channel боксшының сөздерін. - Ол - керемет боксшы. Абель Санчес бапкер маған "тек өз жұмысыма ғана ден қоюымды" сұрайды. Бұл менің жұмысым, менің аумағым, менің шаршы алаңым, бұл менің шоуым. Меніңше ол тамаша шоу болады. Маған өзімнің стилім ұнайды. Ол мексикалық стильге ұқсайды. Мен төбелеске құмармын, жұдырықтасуды жақсы көремін. Мен үлкен драмалық шоу жасағым келеді, себебі ол менің стилім. Мен жүз пайызға дайынмын және менде жоспар бар". Геннадий Головкин мен Дэниэль Гил арасындағы кездесу 26 шілдеде Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 27 шілдеде 08:00-де басталады және "Қазақстан" мен KazSport телеарналарынан көрсетіледі.