Головкин гонорары ең жоғары боксшылар рейтингінде 2-орында
Рейтингті британиялық ауыр салмақ өкілі Энтони Джошуа бастап тұр.
«Головкин мен Альварес бір-біріне «байланып қалған» және олардың бұл байланысы HBO PPV-де көрсетілетін жекпе-жектің жеңімпазы жарияланған кезде ғана ажырауы мүмкін», - деп жазады материал авторы Джош Катцовитц.
Айта кетейік, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегіне билеттердің сатылымынан 27,08 миллион доллар түсті. Бұл кәсіпқой бокс тарихындағы үшінші көрсеткіш. Ал HBO арнасындағы ең танымал PPV-көрсетілімдер тізімінде бұл айқас жетінші орын алды (1,3 млн үйде көрсетілді).
«Канелоның» допинг-тесттен өте алмауы және соның төңірегіндегі дау-дамайлар оның Головкинмен рематчын бірінші кездесуге қарағанда танымалырақ етуі мүмкін. Не дегенмен де, қосы боксшы алдағы жекпе-жектен ондаған миллион доллар пайда табады (өткен жолы Альварес 50 млн-нан астам, Головкин 20 млн доллар алды)», - деп жазады Джош Катцовитц.
Forbes тұжырымы бойынша ең көп жалақы алатын боксшылар мыналар:
1. Энтони Джошуа (бұрынғы орын - 1)
2. Геннадий Головкин (2)
2. Сауль Альварес (2)
4. Теренс Кроуфорд (5)
5. Василий Ломаченко (4)
6. Деонтей Уайлдер (7)
7. Эррол Спенс (6)
8. Александр Усик (рейтингтен тыс)
9. Майки Гарсия (10)
10. Дэниэл Джейкобс (9)
11. Мэнни Пакьяо (13)
12. Джермелл Чарло (11)
13. Джермалл Чарло (12)
14. Дэнни Гарсия (рейтингтен тыс)
15. Шон Портер (рейтингтен тыс).