Головкин HBO арнасымен жаңа келісімшартқа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин HBO телеарнасымен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады Allboxing.ru.

Бұл GGG-дің австалиялық Дэниэл Гилмен кездесуіне бір күн қалғанда жасалған екен.

«HBO-мен ынтымақтастығымыздың жалғасуын асыға күтудеміз»,- деген Том Леффлердің сөзін келтірді ЕSPN. – Олар Геннадийге қомақты қаржы бөлді, біздің ойымызша, HBO оның ман с абын жаңа деңгейге көтеретін үздік телеарналық әріптес ".

Келісімшартта кем дегенде төрт жекпе-жек өткізу (Гилмен кездесуі бірінші болған) қарастырылған. Сонымен бірге талаптарға сай кездесулер АҚШ-тан тыс және ақылы трансляция жүйесі (РРV) бойынша да өткізілуі мүмкін. Атап өту керек, HBO-мен келісімшартта басты бәсекелесі Showtime ұсынатын боксшылармен жекпе-жекке шығуға шектеулер қойылады, деп хабарлайды Vesti.kz