ESPN телеарнасының тілшісі Дэн Рафаэльдің айтуынша, осы басқосуда екі тарап та өздерінің пікірлерін білдіреді. Ал жақын күндерді IBF ұйымы GGG-дің Сергей Деревянченкомен кездесуі керек пе, әлде белдікті босатуы керек па деген мәселеге байланысты қаулы қабылдадайы.
Осыған дейін IBF Головкиннің Деревянченкомен міндетті түрде кездесу өткізу қажеттігі, оны 3 тамыздан кешіктірмеу керектігі айтылды. Өйткені оның белдігінен ажырап қалу қауіпі бар.
Геннадий Головкиннің промоутері Лом Леффлер ұйымның ойын өзгертіп, міндетті түрде қорғауды кейінге қалдыруды қалап отыр. Өйткені GGG-дің командасы қыркүйекте Головкин мен мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО). қарсы шығуы ықтимал