Головкин қалың қарда жаттығу жасап жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин ауа райының суықтығына қарамастан, қалың қарда Дэниел Джейкобспен кездесуге дайындалып жүр.

GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобында қазақстандық боксшының «Қарлы Big Bear!» деген белгімен жүгіріп жүрген кезіндегі суреті жарияланды.

Айта кетейік, осыған дейін Геннадий Головкиннің Big Bear-ге келгендігі және оның 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Мэдисон Сквер Гарден аренасында Дэниел Джейкобспен болатын жекпе-жекке дайындықты бастайтыны хабарланған еді.