"Бұл әзiрге тек сөз жүзiнде ғана. Бiрақ орындалмайтын ештеңе жоқ. Бiз қазiр Қанатпен түрлi салмақ деңгейiндемiз. Бұл жекпе-жек қисынсыз қазiр. Ол рейтингтiң басқа деңгейiнде орналасқан", - деп атап өттi боксшы.
Оның ойынша, Қанаттың тарапынан болған шақыруды боксшының өзi жасамаған болуы ықтимал.
"Мен Қанатты бұрыннан танимын. Менiңше ол жеке өзi менi жекпе-жекке шақырмауы мүмкiн. Оны оның бапкерi жасаса керек", - дейдi Головкин.