«Бірінщі жекпе-жек үшін PPV 1,3 миллион доллар. Бұл аз. Мүмкін екіншіні 2 миллионға жеткізу керек шығар. Алайда рематч 2 миллионға жете қоймас. Ол тек 1,5 миллион шамасында болады», - дейді ол.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес T-Mobile аренасында кездеседі. Қазақстандық боксшыға реванштан шамамен 40 миллион доллардан астам қаражат түсуі мүмкін. Де Ла Хойяның айтуынша, Головкинмен бір мәмілеге келу үшін жетпей тұрған соманы қалтасынан бөлуіне тура келген.