Алдында бұл шоу аясында әйелдер арасындағы орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сесилия Брекхустың (34-0, 9 КО) жекпе-жекке шығуы жоспарланған еді. Қорытындысында норвегиялық бұл айтулы оқиғаға қатыспайтын болды. Boxingscene.com ақпаратында қарағанда, бұған Брекхустың өзіне лайықты қарсылас таба алмауы себеп.
Еске сала кетсек, Головкин - «Канело» рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтеді.