«Ортис пен Молинаның жекпе-жегі - қызықты бетпе-бет айқас. Бұл айқас осы жылдың үздік жекпе-жегі атағына үміткер бола алады. Мен бұдан бұрын осы қыркүйектің естен кетпейтінін айтқан болатынмын. Ортис - Молина айқасы стилистикалық тұрғыдан Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегінен немесе Дэнни Гарсия - Шон Портер кездесуінен де үздік әрі қызық болатынына сенемін», - деп атап өтті Шефер журналистерге берген сұхбатында.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің қарымта айқасы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.