НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) Геннадий Головкин - Сауль «Канело» Альварес трилогиясының андеркардында америкалық Габриэль Россадомен (26-15-1, 15 КО) титулдық жекпе-жегін өткізеді.
Әли Ахмедов пен Г.Росадо 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile Arena шаршы алаңында суперорта салмақта «солтүстікамерикалық» IBF чемпиондық белдігі үшін жұдырықтасады.
Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, мексикалық Пауль Валенсуэланы (27-11, 17 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберген болатын.
Габриэль Росадо биыл сәуірде төрешілер шешімімен америкалық Шейн кіші Мослиге (18-4, 10 КО) есе жіберді.
Әли Ахмедовтің Головкин негізін қалаған GGG Promotions промоутерлік компаниясының өкілі екендігі белгілі. Осыған орай Геннадий Головкин Әлиге сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Росадо 2013 жылы Г.Головкинмен рингке шығып, техникалық нокаутпен жеңілген болатын.
Фото: instagram.com/ali_akhmedov_officialpage
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).