Осы елдің аумағында рематчты Azteca 7 және Canal 5 телеарналары тікелей эфирден көрсетті. Azteca 7 арнасының орташа аудиториясы 16,8 миллион телекөрермен болса, Canal 5 - 16,5 миллион болған. Осылайша, Мексикадағы айқасты 33 миллион жанкүйер тамашалаған.
АҚШ-та Головкин - «Канело» екінші жекпе-жегі ақылы жүйеде (pay-per-view) HBO телеарнасында көрсетілді. Шетелдік БАҚ-тың дерегі бойынша, сатылымнан түскен қаржы 1,1 миллион PPV болған. Ал, бірінші айқас 1,3 миллион PPV құраған болатын.