«Меніңше, «Канело» менімен кездесіп, көзіме қарағысы келмейді. Себебі айтқандарымның бәрі рас екенін біледі. Мен «Канелоға» деген бар құрметімді жоғалттым, ол өзгеріп кеткен. Мен оған пысқырып қарамаймын. Айқас өткізу үшін 15 қыркүйек күні бой көрсетеді деген үміттемін. Оған мұны дәлелдеу керек. Келіссөздер ме (екінші айқасқа қатысты)? Олар «Канело» мен Golden Boy үшін тиімді болды», - деді Головкин.
Еске салайық Головкин мен Альварестің реванштық кездесуі биылғы 15 қыркүйекте Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренада өтеді.