«Бізге «Канело» мен GGG трилогиясын көру керек. Головкин сәуірде 40-қа толады, бірақ олар біз үшін екі эпикалық айқас өткізді. Ендеше мұны келесі жылы жабайық», - деп жазды Коппингер әлеуметтік желіде.
Головкин мен «Канело» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы тең аяқталды. Бір жылдан кейін боксшылар қарымта кездесуінде бақ таластырды. Бұл жолы төрешілер көпшілік дауыспен жеңісті «Канелоға» берді.