«Иә, бәлкім бұл кездесуден шаршаған да шығармыз. Бірақ өздеріңіз ойлап көріңіздерші, 2018 жылы осы екеуінің қыркүйекте өткен рематчынан қызық кездесу болды ма ?. Ал осы күнге дейін нәтижесі талас-тартыс тудырып отырған екі танымал боксшының кездесуінен артық қоғамның назарын аударатын жекпе-жек бола ма ?»,-делінген ESPN материалында.
Еске сала кетейік, Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің екі мәрте қарсыласы болды. Олардың бірініш кездесуі теңдей аяқталды. Алайда ол да дау тудырып отыр. Екінші кездесуде «Канело» төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.