Головкин - Канело жекпе-жегі Сан-Антониода өтуі ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Express News журналисі Джон Уислер Геннадий Головкиннің Сауль Альварес «Канеломен» айқасының баламалы нұсқалары бар деп мәлім етті.

«Головкин мен Альварес өз жекпе-жектерін Сан-Антониода өткізуі де мүмкін. Неге өйтпеске? Аламо (Техас) мысалы, тарихында ержүректер қаласы. Лёффлер Геннадий сәті түссе онда да айқасып көргісі келеді деген болатын»,-деп атап өтті Уислер.

Бұдан бұрын Головкиннің Альвареспен кездесуі «Даллас Ковбойз» AT&T Stadium Ұлттық футбол лигасы клубы аренасында өту ықтималдығы жайлы хабарланған болатын.

Сонымен қатар баспасөзде, тараптар бокс кешін Лос-Анджелесте өткізу жайлы келісе алады деген пікір де пайда болған, деп жазады Sports.kz.