«Осы жекпе-жек болады деп әлі үміттеніп отырмын. Бірақ бәрін комиссия шешеді. «Канело» мен оның командасын білгендіктен, мұндай қадамға барады деп күткен жоқпын. Бұл оқиға менің және Альварестің спортқа деген көзқарасымызды көрсетті. Егер жекпе-жекке рұқсат етілмесе, мен үшін келесі қарсылас Сондерс болады, өйткені менің арманым - орта салмақтың бүкіл белдігін жинау», - деді Головкин.
Еске сала кетейік, Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшыдан алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растаған болатын.