Бұл туралы GGG ВКонтакте ресми тобында жарияланды.
Еске сала кетсек, Головкин мен Альварес жекпе-жегі Лас-Вегастағы -Mobile аренасында 16 қыркүйекте болады.
Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя жоспарланып отырған Геннадий Головкин - Сауль Альварес кездесуінің қашан басталатындығы мәлім етті.
«Сіздер бұл айқасты Шығыс жағалауы уақыты бойынша кешкі сағат 11-де көре аласындар»,-деді ол Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында.
Яғнии, қазақстандық жанкүйерлер үшін жекпе-жек 17 жексенбі күні таңертеңгі 9-да басталады.
Boxrec.com порталының хабарлауынша, бұл айқаста қазақстандық боксшыға тиесілі төрт белбеудің кімге бұйыратындығы белгілі болмақ. Сондай-ақ сайттың жазуынша, жекпе-жек ең жоғары бес жұлдызды рейтингке ие.