Мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) айқасын тең аяқтаған қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) екінші орыннан үшіншіге түсіп қалды. Ал Альварес болса төртіншіден бесінші позицияға көтерілді.
BWAA-дің P4P-рейтингінің ТОП-ондығы:
1. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) - 168 ұпай
2. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО) - 152
3. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) - 148
4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) - 110
5. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО) - 88
6. Майки Гарсия (37-0, 30 КО) 84
7. Кит Турман (28-0, 22 КО) - 52
8. Эррол Спенс (22-0, 19 КО) - 46
9. Наоя Иноуэ (14-0, 12 КО) - 40
10. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) - 27.
Еске салайық, Головкиннің соңғы жекпе-жегі 16 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында мексикалық спортшы Сауль Альвареске қарсы өтті. Төрешілердің шешімімен айқас тең аяқталды. Жеңімпаз анықталмағанымен, GGG барлық белбеулерін (WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша) сақтап қалды.
Реванш 2018 жылдың 5 мамыр күні өтеді деп күтілуде.