«Кездесуге 4 апта қалды, достарым менің! #CaneloGGG #BigDramaShow», деп жазды Гловкин твиттерде.
Айта кетейік, Головкин -Альварес кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena сарайында 16 қыркүйекте өтеді.
Геннадий орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарын тігеді. Сауль болса The Ring журналының нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуін бәске тігеді.