Отандық орта салмақтағы чемпион өзінің Instagram парақшасында америкалық бапкер Абель Санчестің лагеріндегі жаттығу процесінен түсірілген суреттерді жариялады.
Еске салайық, WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы өз командасымен бірге АҚШ-қа келді. GGG Алматыда қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасуға келіп, жаттығуды үзе тұруға мәжбүр болған еді.
Сондай-ақ, ол Мәскеудегі Дүниежүзілік бокс суперсериясының финалына қатысып, Александр Усикпен жұдырықтасқан Мурат Гассиевке қолдау білдірді. Айқас төрешілердің бірауыздан шешімімен Усиктің жеңісімен аяқталды.
GGG - «Канело» рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.