GGG өз инстаграм парақшасында жанкүйерлеріне хабарлама жасап, салмақ өлшеу рәсімінен бірнеше суреттер жариялады.
«Дайынмын. Ертеңгі жекпе-жекті өткізіп алмаңыздар», - деп жазды ол.
Айта кетейік, боксшылардың соңғы салмақ өлшеу рәсімі мен көз арбасуы шиеленіскен жағдайда өтті. «Канело» Геннадийді арандатып, оның маңдайына жақын келді. Ал, қарсыластар командасы жанжал шығарып, оны ұйымдастырушылар басқан еді.
Головкин - Альварес екінші айқасы Қазақстан уақытымен 16 қыркүйек күні таңертең болады.
Фото: vk.com/ggolovkin