Головкин: «Канелоны» нокаутқа жіберуім туралы айтудың қажеті жоқ...

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 5 мамырда Сауль Альвареспен рематчта қандай да бір нәрсені дәлелдеуге ниетті емес екендігін және жеңіс пен мұра үшін айқасатынын айтты, деп жазады Sports.kz.

«Мен бұл жолы үстем боламын. Оны нокаутқа жіберетінім туралы айтудың қажеті жоқ, бірақ оны қатты қалар едім. Рингтегі жұмысымды істеймін, бірақ төрешілердің бағаларын қадағалай алмаймын. Мен ештеңе дәлелдегім келмейді. Дәлелдейтін де ештеңе жоқ. Мен жеңіске жетіп, өз белбеуімді сақтап, чемпион болып қала бергім келеді. Жағдайым жақсы. Бұрынғыша өзімнің күшімдемін және осы жекпе-жеке ынталанып отырмын. Рound-for-pound-тың екі үздік боксшысы бір-бірімен жұдырықтасуда. Жеңімпаз  P4P королі атанады», -деп келтіреді Boxingscene.com Геннадий Головкиннің сөзін. 

Фото: vk.com  Геннадий GGG Головкин