«Егер Головкин 15 қыркүйекте жеңетін болса, онда ол орта салмақтағы үздік чемпион болады және жағдайдың қалай болатынын көреміз. Джермалл Чарло бар. Сондай-ақ, Деревянченко - Джейкобс мен Сондерс - Андраде жекпе-жектерінің жеңімпаздары және Бенавидес, Джеймс Дигейл сынды спортшылар бар», - деді Леффлер.
Айта кетейік, «Канело» - GGG рематчы биыл 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.