«Менде енді нағыз айқас бар. «Канело» - ерекше жігіт. Ол - ұлттық қаһарман. Ол Зорро сияқты», - деді GGG.
Зорро (Zorro) - Робин Гуд сынды ойдан шығарылған кейіпкер. «Маскадағы каһарман» Жаңа Испанияның мұқтаж тұрғындарына әрдайым көмекке келеді. Оның сүйікті қаруы - рапира, онымен өзінің белгісі - Z әрпін сызып қалдырады.
Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастың "T-Mobile Arena" спорт кешенінде өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-де тікелей эфирден көрсетіледі.