«Мен «Канелоны» бұрыннан білемін. Төрт жыл бұрын онымен залда спарринг өткізгенім де есімде. Сол кезде оған келесі жылы кездесуіміз мүмкін екенін айтқанмын», - деп еске алды Геннадий HBO-мен әңгіме барысында.
Алайда GGG мен «Канелоның» айқасын ұйымдастыруға барынша көп уақыт қажет болды. Геннадий Альварестің жекпе-жек өткізу уақытын созғанына оның промоутері Оскар Де Ла Хойя өзінің Давид Лемьемен жойқын жекпе-жегін көріп, жүрексініп қалуы себеп болғанына сенімді. Қазақстандықтың бапкері Абель Санчес сол жолы Головкин үздік өнер көрсетті деп санайды.
«Менің Лемьемен жекпе-жегімнен кейін Оскар жүрексініп қалды. Қазір бұл айқасты тағатсыздана күтіп жүрмін. «Канело» мықты боксшы. Біздің айқасымыз бокстың пайдасына шешілуде. Бұл бүгінгі күні бокс әлеміндегі маңызды жекпе-жек деп ойлаймын», - деді Головкин.