Головкин «Канелоның» орнына басқа мексикалықпен айқасуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде «Канеломен» емес, басқа бір мексикалық боксшымен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойыншаәлем чемпионы болып отырған Хайме Мунгия қазақстандық боксшымен жекпе-жекөткізуге талпынып жүр. 21 жастағы боксшы тіпті GGG-дің санаты саналатын ортасалмаққа өтуге әзір екенін айтқан.

«Мунгия міндетті түрде орта салмаққа өтеді. DAZNбоксшыларды өзінде ұстағысы келетіні жасырын емес. Бұған дейін ХайменіңХоганнан басқа таңдауы жоқ еді, ал енді Головкинмен жекпе-жек өткізіп, қомақтыақшаға қол жеткізбекші», - деп жазады Forbes журналисі Питер Кан.