«Канелоның» үздік жекпе-жегі? Лара? Траут? Бұл ол үшін ең жеңіл қарсыластардың бірі. Коттомен жекпе-жегі сәтті шыққан сияқты. Бұл шынымен де ақылға құрылған жекпе-жек болды. Әрине, Котто жақсы боксшылардың бірі, бірақ дәл осы бәсекеде «Канело» өзіне деген бақылауын жоғалтқан жоқ. Ал оның Мэйвезерден жеңіл қалу жағдайына қатысты айтар болсам, Альварес ол кезде өте жас болған сияқты, әйтпесе жағдай басқаша болуы әбден мүмкін, - деді Головкин Sirius XM-ге берген сұхбатында.