«Головкин Альвареспен бірінші кездесуінде оны жеңу үшін бар күшін салды, алайда судьялардың шешімімен ол мүмкін болмай қалды. GGG-ның агрессивті стилі оған проблема болды, ал оны «Канело» тиімді пайдаланды. GGG 36 жасқа толады, ал «Канело» болса 28 жасқа да толған жоқ. Головкин өзі үшін рекорд жасады, алайда уақытты ешкім жеңе алмайды. Өйткені ең мықты деген боксшының өзі өмір бойы биікте болып қала алмайды. Головкиннің күш-қуаты күн санап азайып, ал «Канелоның» қуаты артып келеді. Головкиннің көркем карьерасының құлауы «Бесінші мамырда» басталуы мүмкін», - деп жазады басылым.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің 5 мамырда екінші жекпе-жегі өтеді.