«Сербиядағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын. Жігіттерді, бапкерлерді, Кеңес Хамитұлы бастаған федерацияны жақсы нәтиже көрсеткенімен құттықтаймын!. Азия ойындарына дайындыққа сәттілік тілеймін #AlgaKazakhstan», - деп жазды Головкин Twitter-де.
10:13, 11 Қараша 2021
Головкин қазақстандық боксшыларды Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіби боксшы, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин бокстан Қазақстан командасын Сербияда өткен Әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.