Головкин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурыз құтты болсын! Happy Nauryz to you all!»  - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ескерте кетсек, 19 наурызда GGG кәсіби рингте 12 раундық жекпе-жекте жеңіске жетті .  Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) барлық белбеулерін қорғап қалды. Ал Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) өзінің спорттық мансабында екінші рет жеңіліс тапты.