Sports.kz осыған қатысты ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненконың пікірін білді.
«Жалпы, бәрі мүмкін, бастысы телеарна Қазақстанды қолдаса болғаны. Бірақ Головкин біздің елде Хирн немесе басқалар қалағандай ақша таппайды. Қазақстан спортын таныту үшін мұндай матч өткізу, әрине, үлкен жұмыс болар еді. Техникалық тұрғыдан алғанда жақсы шешім», - деді сала маманы.