Лара өткен демалыста Лас-Вегаста ұпай саны бойынша армян тумасы америкалық Ванес Мартиросянды жеңіп, титулын қорғап қалды. Ал Головкин жекпе-жегін көріп, өзімен кездесуге қызығушылық танытады деп санайды кубалық.
«Головкин менің жекпе-жегімді көрген болуы керек. Қанша рет айқасқа шығып, оны айқасқа шақырдым. Келіссөзге кірісіп, жанкүйерлерге керемет шоу сыйласақ қайтеді», - деп мәлімдеді Лара Boxeo Mundial-ге сұхбат беру барысында.