«Маған ескі мектеп ұнайды. Кейде естен тандырарлық айқас өткізгім келеді, себебі әр кездесуде мінсіз боп көрінсең, сенімен ешкім рингке шыққысы келмейді», - деді Геннадий HBO арнасының «24/7: Головкин - Джейкобс» бағдарламасында. Сонымен бірге, Головкин Келл Брукпен жекпе-жегін әдейі көше төбелесі стилінде жүргізгенін айтты.
«Бұл бокс. Ол (Джейкобс) қорықпайды. Ол өз ісін біледі және қолынан көп нәрсе келетінін де біледі. Бұл біз үшін ең үлкен мүмкіндік және ең үлкен айқас. Кім жеңіп шығар екен?», - деген Головкиннің сөздерінен үзінді келтірді GGG Boxingnews24.com.