Супер орта салмақтағы қазақстандық боксшы рингке 30 шілдеде оралады. BoxRec.com сайтының хабарлауынша, оның қарсыласы «Тайсон» лақап атымен белгілі мексикалық Рикардо Адриан Луна (23-8-2, 15 КО) болмақ. Жекпе-жек он раундтан тұрады.
Луна қазақстандық жанкүйерлерге 2020 жылы Нұрзат Сабировпен (11-0, 9 КО) жекпе-жегі арқылы танылған. Онда Рикардо төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңілген болатын.
Әли Ахмедов - Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) GGG Promotions промоутерлік компаниясының боксшысы. Ол сол жерде Джонатон Бэнкстің жетекшілігімен жаттығып жүр.
Фото: sports.kz