Кеше Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Коттоны орташа салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырғаны белгілі. Бұл жай Коттоның WBC ережелерін орындаудан бас тартып, міндетті жарна төлемеуінен кейін орын алды.
Котто мен Альварестің арасындағы жекпе-жек 21 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Қазақстандық боксшы бұл шоуды барып тамашалауға ниетті.
«Котто жай ғана белдігінен айырылды. Таяуда біз WBC-пен сөйлестік, мен оның белдігін алғым келеді. Мен ол (Котто) менімен әлі де жұдырықтасқысы келетіне үміттенемін, себебі ол көп ақша мен атақ әкеледі, бұл біз үшін тиімді. Ол бокста тағы бір жыл қалатынын айтып отыр, сондықтан бұл біз үшін тамаша уақыт. Альварес те айқасқа дайын деп ойлаймын. Ол үлкен жекпе-жекке дайын емес те шығар. Бірақ мен өзімнің «Канеломен» өтетін жекпе-жегім әлемдегі келесі супер жекпе-жек болады деп есептеймін», - деп келтіреді Головкиннің сөздерін Boxingscene.