Қыркүйекте Геннадий Головкин немесе Роман Гонсалес Worldboxingnews.net сайтының нұсқасы бойынша pound-for-pound рейтингінде көш бастауы ықтимал, деп хабарлады Sports.kz.
Қазір ТОП-50 басында Флойд Мейвезер тұр. Алайда спорттық жолының аяқталуына және соңғы жекпе-жегінен бір жыл мерзімнің өтуіне байланысты америкалық қыркүйекте рейтингтен шығып, оның орнына басқа боксшы келмек.
Роман Гонсалес қазір рейтингте екінші орнында, ал одан кейін Геннадий Головкин тұр. Екі боксшы да жекпе-жектері - 10 қыркүйекте.