Головкин Лас-Вегаста фанаттарына қолтаңбасын таратады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 7 мамырда мексикандық Сауль Альварес пен британдық Әмір Хан арасындағы жекпе-жек өтетін Лас-Вегаста болады, деп жазады Sports.kz.

Бұл туралы GGG өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлады. Головкин сондай-ақ осы ұрыс алдында өзінің жанкүйерлерімен кездесіп, қолтаңбасын тарататынын еске салды.

«Менің қолтаңбамды алыңдар! Бүгін көрісеміз!», деп жазды Головкин минкроблогында.

«Фанаттар қазақстандық боксшыны Field of Dreams спорттық атрибутика кәдесыйлары дүкендерінде қарсылайды.

Альварес - Хан ұрысының жеңімпазы Головкинмен жекпе-жекке шығады, деп күтілуде.