Головкин-Лемье жекпе-жегі НВО-ның «Boxing's Best» үздік айқастарының тізіміне кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - НВО телеарнасы «Boxing's Best» (Бокстағы ең үздік) атауымен 2015 жылдың ең атақты 9 жекпе-жегін көрсетеді. Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Көрермендер экрандардан келесі жекпе-жектерді тамашалай алады:

27 желтоқсан: Ковалев - Паскаль, Кроуфорд-Жан, Канело - Киркланд

28 желтоқсан: Матиссе - Проводников, Брэдли - Риос

29 желтоқсан: Головкин - Лемье, Миура - Варгас

30 желтоқсан: Котто - Канело, Гонсалес - Вилория.

Көрсетілім әрбір түн сайын, солтүстікамерикалық шығыс уақытпен (ET/PT)

сағат кешкі 11:00-де басталады, деп хабарлайды Sports.kz.