«Геннадий Головкиннің Давид Лемьемен жекпе-жекке киіп шығатын былғары қолғабы! Түсін жергілікті New York Rangers хоккей командасына қолдау көрсету үшін өзі таңдаған!» - делінген суреттің астына жазылған түсіндірмеде.
Еске сала кетейік, Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша ертең, 06-55-те басталады.